Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы КМҚК 2025-2026 оқу жылына арналған консультациялық пункттінің жұмыс жоспары бойынша “Кішкентай көмекшілер” тақырыбында ұсақ моторикасын дамытатын ойын сабақ ойнатылды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.