2026 жылдың 10 наурызынан бастап 17 наруыз аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2(екі) уақытша тәрбиеші қызметіне 1,12 жүктеме сағатына конкурс жариялайды.
Мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны - 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі 7А ғимараты.
Мекеменің қызмет түрі: Білім беру саласындағы қызмет (мектепке дейінгі білім беру).
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1)осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4)Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)”Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11)жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.