Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (710) 395 42 29
+7 (778) 851 34 45
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімі

Құрметті конкурсқа қатысушы үміткерлер!
2026 жылдың 04 тамыздан бастап 12 тамыз аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 0,5 жүктеме бойынша дене тәрбиесі нұсқаушысы лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің орналасқан жері:
101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі, 7А ғимараты.
Мекеменің қызмет түрі:
Білім беру саласындағы қызмет (мектепке дейінгі білім беру).
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе электрондық құжат;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (бар болса);
Дене тәрбиесі нұсқаушысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
Наркологиялық ұйымнан динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат (бар болса).