Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы КМҚК 2025-2026 оқу жылына арналған консультациялық пункттінің жұмыс жоспары бойынша “Достар әлемі” тақырыбында балабақша ішіне танымдылық экскурция өткізілді.
Кездесу барысында ата- аналар мен бала тәрбиешімен танысып, балабақшаның күн тәртібі, оқу- тәрбие процесі және дамытушы ортамен, қабылдау, жатын бөлмелермен жақын танысты. Педагогтар ата- аналармен жылы сұхбат жүргізіп, баланың мектепке дейінгі дамуы мен бейімделуінің маңызы туралы кеңес берілді. Осындай кездесулер ата - аналарға балабақша өмірімен жақынырақ танысып, өз балаларының дамуына қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.