Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (710) 395 42 29
+7 (778) 851 34 45
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімі

Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, ұлттық дәстүрлерге құрмет пен қызығушылық тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Наурыз – қазақ халқының мерекесі, жаңару мен татулықтың символы. «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты ертеңгілікте балалар ұлттық нақыштағы залда көтеріңкі көңіл-күймен мерекені қарсы алды.
Іс-шараның кейіпкерлері – Әже, Наурыз қыз және Алдар көсе. Әже дәстүрлерді айтып, бесікке салу дәстүрін көрсетті. Наурыз қыз көктемнің келуін әсем әңгімелермен жеткізді, ал Алдар көсе балаларға «Арқан тартыс», «Асық ату» ойындарын ойнатты.
Балалар тақпақ айтып, ән шырқап, би биледі, ұлттық ойындарға қатысты. Наурыз көже туралы түсінік беріліп, мерекенің дәстүрлі маңызы көрсетілді.
Балалар мерекеден ерекше әсер алып, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншіліктері артты.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!